Егер менің отбасымда зорлық-зомбылық болса ше?

18 Қазан, 2021

Әлем қауіп – қатерге толы, өкінішке орай, әйелдер мен балалар отбасында болмауы керек жерде қатыгездікке тап болуы мүмкін. Егер Сіздің отбасыңызда әлі де зорлық-зомбылық болса, шұғыл түрде полицияға 102 телефонына ауызша өтініш беру керек немесе портал арқылы онлайн өтініш беру керек qamqor.gov.kz. шара қолдану үшін Сіз полиция қызметкерлерінен тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалған жерге баруды талап етуге құқылысыз. Егер сіз немесе сіздің балаларыңыз медициналық көмекке мұқтаж болса, онда сізге 103 нөмірі бойынша жедел жәрдем шақыру немесе полиция қызметкерінен сот-медициналық куәландыруға жолдама алу қажет. Әр өңірде әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар жұмыс істейді, онда кеңес алуға және қолдау алуға болады.

Сондай-ақ, сіз әрқашан біздің кеңесшілерден көмек сұрай аласыз! Біз сізді міндетті түрде тыңдаймыз және сіздің жағдайыңызды түсінуге көмектесеміз!

Alyona

Latest Posts

©